Ақылды экономиканы дамыту

Ұлттық компания қызылордалық кәсіпкерлерді 11,0 млрд теңгеге қолдады (Фото)

«Қазақстанда жасалған» акциясы шеңберінде «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ-мен қызылордалық жергілікті тауар өндірушілер арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда 23 Маусым, 19:21

Қызылорда облысы әкімдігінде жергілікті қамтуды дамыту аясында өткен көшпелі аумақтық семинар-кеңеске облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов пен «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары Қайсар Аманбаев қатысты.

Негізінен қол қойылған меморандумдардың мақсаты жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсетіп, отандық тауарларды кеңінен жарнамалауға және  жұмыс орындарын сақтап қалуға бағытталған.

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың аймаққа жұмыс сапары барысында «ҚазАтомПром» ҰАК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазақтелеком» АҚ ұлттық компаниялары және облыс әкімдігі арасында жергілікті тауар өндірушілерді қолдау жөнінде екі жақты меморандумдарға қол қойған.

Бүгінгі күнде, аталған меморандумдар аясында жергілікті тауарөндіруші кәсіпорындар мен ұлттық компаниялар арасында құны 11,0 млрд. теңге болатын 121 келісім-шарт жасалған.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында өңірдегі мұнай компанияларымен де екі жақты меморандумдарға отырып, қазіргі таңда ол бойынша 6,2 млрд. теңгеге тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді  сатып алуға келісім-шарттар жасалды.

Алдағы уақытта «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінетін қаржы есебінен өңірде  салынатын тұрғын үйлердің құрылысы, «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды» автожолы мен Қызылорда аэропорты терминалының құрылысы, басқа да ірі құрылыс жұмыстарының басталуы жергілікті тауар өндірушілердің тауарларына деген сұраныстарды арттыратыны сөзсіз. 

 

 





Яндекс.Метрика