EXPO-2017

«Online EXPO-2017» 3 өтініші бойынша автор мен бизнес арасында келісімдер орнатылды

«Online Expo-2017» 3 өтініші бойынша автор мен бизнес арасында келісімдер орнатылды, деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» атқарушы директоры Салтанат Рахымбекова.
Астана қаласы23 Маусым , 14:47

«Қазақстан инноваторлары инвесторларға 50 жаңа туындыны ұсынды. Шара қорытындысы бойынша 3 өтініш іріктеліп алынды. Ол бойынша автор мен бизнес арасында келісімдер орнатылды.Байқау көрсеткендей, «жасыл» технологиялар бойынша Қазақстанда күн электр энергия станциясы мен жылу беру тиімділігі дамыған», - деді  ол ОКҚ-да .

Байқауға қатысушылардың бірі, Қостанайдың биологы Валентина Ободовская мамықты түзбейтін теректі сұрыптап шығарды. Осы теректер отырғызылған саяжол Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебі аумағында қазір жайқалып өсуде.

Арман Ақмұханов «Шыңғысхан» атты жел қондырғысын ойлап тапты. Механизмі балалардың ойнайтын зырылдауығына ұқсатып бірегей тәсілмен құрастырылғандығының арқасында «Шыңғысхан» қондырғысы желдің кез келген күшінде электрді өндіре алады. Қондырғының өзінің құны 30 000 АҚШ долларынан аспайтын болады, осы ретте шетелдегі осыған ұқсас қондырғылардың бағасы шамамен  350 000 АҚШ доллар  тұрады. Қазiр Қазақстаннан шыққан әзiрленiм АҚШ Мемлекеттiк департаментi қаржыландыратын «GIST TECH-I» Инновациялар халықаралық байқауындағы ең үздiк 15 стартап-жобаның iшiне кiрдi. Байқауға әлемнің  74 елінен кәсіпкерлер қатысуда.

Көптеген елдердің алдында қазіргі күні сынаптың әсерінен болатын ластану аса өткір экологиялық мәселе болып отыр. Құрамында сынабы бар енді ары қарай жұмыс жасауға жарамсыз болып қалған аспаптар мен бұйымдар осындай ластануға әкелетін себептердің бірі болып табылады. «Жер, металлургия және байыту туралы ғылымдар орталығы» АҚ-ның Вакуумдық процестер зертханасының меңгерушісі Сергей Требухов осындай шамдарды кәдеге жаратудың экологиялық қауіпсіз тәсілін ойлап шығарды.Қазіргі таңда жоба «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-нан грант алған. Енді инноваторлар өнертабысты келешекте өнеркәсіпте пайдалануға мүмкіндік беретін өндірістік телімді «Астана – Жаңа қала» Еркін экономикалық аймағында салуда. Кәсіпорын жылына 1,5 миллионға жуық шамды кәдеге жарата алатын болады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, ЭКСПО қарсаңында ұйымдастырылып отырған байқау инноваторларға өз жобасын жариялауға үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Қазіргі күні «OnlineExpo-2017» байқауына қазақстандықтардың атынан шамамен 450-дей өтінім келіп түскен. Осындай байқау ЭКСПО-2017 көрмесі басталғанға дейін  жыл сайын өткізілетін болады, оның қорытындысы бойынша 2015, 2016 және 2017 жылдары өтетін Болашақ энергиясы форумы шеңберінде Шағын ЭКСПО көрмесін өткізу жоспарланып отыр.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика