EXPO-2017

Online EXPO-2017: Қазақстандық биолог мамықты түзбейтін теректі сұрыптап шығарды

«Online EXPO-2017» байқауына қатысушылардың бірі, Қостанайдың биологы Валентина Ободовская мамықты түзбейтін теректі сұрыптап шығарды. Бұл туралы ол ОКҚ-да өткне баспасөз конференциясында хабарлады.
Астана қаласы23 Маусым , 14:37

«Бүгінде біз мамықты түзбейтін, алайда өз пайдасын сол калпында сақтап қалған теректі сұрыптап шығарғанымызды айта аламыз», - деп мәлімдеді биолог.

Осы теректер отырғызылған саяжол Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебі аумағында қазір жайқалып өсуде. Маман бұл теректер болашақта барлық жерлерде отырғызылады деген үмітте.

В. Ободовская атап өткендей, қазіргі таңда теректерді олардың мамығына байланысты көбісі отырғызғысы келмейді немесе бұл ағаштарды кесіп тастайды, мұндай әрекетке баруға мүлдем болмайды, өйткені терек ауадағы ластануларға ең төзімді ағаш болып табылады. Терек автокөліктерден, өндірістен шығатын газдардың, зиянды заттардың орасан зор көлемдеріне төзімді келеді. Менің терегімнің қарапайым теректен ешқандай айырмашылығы жоқ, алайда ол өзінен мамық бөлмейтіндіктен, оның берер пайдасы көбірек.

Айта кетерлік жайт,  «OnlineExpo-2017» байқауына қазақстандықтардың атынан шамамен 450-дей өтінім келіп түскен. Осындай байқау ЭКСПО-2017 көрмесі басталғанға дейін  жыл сайын өткізілетін болады, оның қорытындысы бойынша 2015, 2016 және 2017 жылдары өтетін Болашақ энергиясы форумы шеңберінде Шағын ЭКСПО көрмесін өткізу жоспарланып отыр.

 Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика