Парламент

Қазақстан Корея Республикасымен жан-жақты қарым-қатынасқа айырықша назар аударады – депутат

Бүгін Парламентте Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Вон Хэ Йогты қабылдады, деп хабарлады Мәжіліс.
Астана қаласы23 Маусым , 17:16

«Біз Шығыс Азиядағы стратегиялық серіктесіміз Корея Республикасымен жан-жақты қарым-қатынасқа айырықша назар аударамыз»,- деп мейманды қарсы алды Корея Республикасының Парламенті арасындағы ынтымақтастық топ жетекшісі Сейтсұлтан Әйімбетов.

«Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғаннан бері екіжақты қатынас белсенді түрде өркендей бастады»,- деді кореялық депутат өз кезегінде.

Сонымен бірге парламентаралық ынтымақтастық байланыстар да жоғары деңгейге көтерілген. Мысалы, өткен жылдың маусымындағы Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің Қазақстанға сапары барысында энергетика, білім, туризм, денсаулық сақтау саласында 15 келісімге қол қойылған.

 Әңгіме барысында әртүрлі салалардағы өркенді байланыстар қатарында Атырау облысындағы газ-химия кешені, «Жамбыл» кен орынының жобасы, Балқаш ЖЭС құрылысы аталды. Сауда-экономикалық, мәдени ынтымақтастық, тағы да басқа бірқатар пікір алмасулардан кейін тараптар парламенттік құрамның оның ішінде тәжірибе алмасу да бар, маңызына тоқталды.
 




Яндекс.Метрика