Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Астанада «Нұр Отан» ХДП Съезінде партияның жаңа саяси доктринасы қабылданды

Бүгін, 18 қазан Астанада Тәуелсіздік сарайында Мемлект басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» ХДП-ның ХҮ съезі өтуде.
Астана қаласы18 Қазан , 16:55

«Қазіргі таңда партия ресурстарын дұрыс үлестіру қажет. Әрбір нұротандықтың партиялық жауапкершілігін арттыру керек. Партиялық жұмыс энергиясын үш еселеуіміз шарт. Қазақстанның «2050» стратегиясы – біздің партиялық бағдарламамыздың негізі. Оны іске асыру «Нұр Отан» партиясының саяси көшбасшылығының арқасында ғана мүмкін екендігінде еш күмән жоқ. Партия бірыңғай саяси еріктің, халық еркінің генераторы болуы, қазақстандықтарға біздің жолымыздың кез келген бұрылыстарында қолдау көрсетуі тиіс. Бұл ең алдымен ел тағдырына деген ұжымдық жауапкершілігіміз болып табылады», - деді Елбасы. 

«Нұр Отан» әртүрлі адамдардың басын қосып отыр. Ол біздің қоғамымыздың айнасы іспеттес. Партия халық мүддесін жеткізуші болуы үшін депутаттық корпус тарапынан атқарушы органдарға көрсетілетін қадағалаудың тиімділігі қажет. Бүгінгі күні жүйелі түрде жаңарту қажет. Сондықтан, біздің құндылықтарымыз бен идеалдарымызды бекітетін саяси доктринаны қабылдап жатырмыз, болашаққа бағытталған жолды айқындап отырмыз», - деді Н.Назарбаев. 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика