Білім беру

ҚР СІМ-де 9 қызметкер Дипломатия институтының магистрі атанды (Фото)

ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Анарбек Қарашев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының магистрлік бағдарламасы түлектеріне диплом табыстау рәсіміне қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.
Астана қаласы 24 Маусым, 09:53

Құттықтау сөзінде А. Қарашев Дипломатия институтының жоғары білікті, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының стратегиялық әрі тактикалық мәселелерді лайықты орындайтын мамандарды дайындауда айрықша рөлін атап өтті.

Дипломатия институтының «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратурада ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған білім беру гранты негізінде оқуға қабылданған СІМ және өзге мемлекеттік органдардың қызметкерлері, СІМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері білім алады.

Осы жылы СІМ 9 қызметкері магистрлік дипломдарын алды, ендігі кезекте олар еңбек қызметін ҚР СІМ дипломатиялық қызметі жүйесінде жалғастырады.

А. Қарашев үздіксіздік және тереңдетілген кәсіби бағдарлау қағидасы негізінде қызмет ететін, жүйелі сипаты бар дипломатиялық кадрларды дайындауда қосқан зор үлесі үшін Дипломатия институтының профессорлық-оқытушылар құрамына алғысын білдірді.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика