Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда қайта инвестициялау жобалары аясында 1500-ден астам жұмыс орны ашылады

Бүгінгі таңда бізде 18 инвестормен жалпы сомасы 400 млн доллардан асатын қайта инвестициялау бойынша 22 жоба бар, олардың аясында 1500-ден астам жұмыс орны құрылатын болады, деп мәлімдеді «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Борисбий Жангуразов ОКҚ-да.
Астана қаласы23 Маусым , 13:49

Бүгінгі таңда «KAZNEX INVEST» АҚ инвесторлар үшін үш бағытта жұмыс істеуде: салалық, мемлекеттік және компанияларды қайта инвестициялауға тарту. Салалық принцип Global 2000 тізімінен ТҰК тартуды білдіреді. Осы тізімнің ішінен Қазақстанда 29 компания 2,5 млрд долларға 46 жобаны жүзеге асырды. 

Мемлекеттік принцип Қазақстанның екіжақты қарым-қатынасы аясында жүзеге асыруды білдіреді. Мысалы, соңғы түрік бизнес форумы аясында 20 құжатқа қол қойылды, сонымен қазіргі таңда 800 млн долларға жуық сомаға 16 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобалар жеңіл өнеркәсіп, металлургия, құрылыс, химия мен фармацевтика өндірісі және т.б. салаларды қамтыды.

Ал, қайта инвестициялау жұмыс істеп жатқан инвесторларды өз өндірістерін одан ары кеңейтуге шақыруды көздейді. «Бүгінгі таңда бізде 18 инвестормен жалпы сомасы 400 млн доллардан асатын қайта инвестициялау бойынша 22 жоба бар, олардың аясында 1500-ден астам жұмыс орны құрылатын болады. Жұмысымыздың нәтижесі ретінде үш бағыт бойынша бізде шетелдік инвесторларың қатысуымен жүзеге асырылатын 100 жобадан асатын қоржынымыз бар. Біздің жұмысымыз лайықты жемісін береді деген үміттеміз», - деді Борисбий Жангуразов.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика