EXPO-2017

С. Рахымбекова: «OnLineExpo-2017» байқауына 450 өтініш түсті

Бүгінгі таңда «OnLineExpo-2017» байқауына түскен өтініштер саны 450-ден асты, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Салтанат Рахымбекова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде.
Астана қаласы23 Маусым , 13:36

«Байқауға «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясының серіктес ұйымдары – Астана Еуразиялық клубы мен «Жасыл экономика үшін» колициясы бастамашы болды.  

Өткен жылдың қазан айында тиісті институттармен, құзырлы министрліктермен, қоғамдық ұйымдармен және бизнес өкілдерімен меморандумға қол қойылды.

«Бүгінде республикалық штаб жұмыс істейді, байқаудың мақсаты – елдің жаңашыл, ғылыми әлеуетін біріктіріп, ең үздік деген «жасыл жобаларды», технологияларды іріктеп, оларды жүзеге асыруға ықпал ету, сол арқылы «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыптық қамтылуын сапалы қамтамасыз ету болып табылады»,-деді басқарушы директор.      

Бүгінде «OnLineExpo-2017» байқауына, 450-ден астам өтініш берілді. Олардың 80-ге жуығы айтарлықтай тәжірибесі бар үлгілер. «Бүгінгі байқаудың бірінші кезеңінде кемінде 20 ғалым-инноваторлардың алдыңғы қатарлы технологиялары көрсетілді, олар әлемдік нарықта бәсекелестікке түсуга толықтай қауқарлы»,-деді С.Рахымбекова.  

Айта кететін мәселе, байқаудың басты мақсаты – отандық өнертапқыштарды ынталандыру, олардың өздерінің біліктіліктерін көрсетіп, жаңалықтарымен бөлісулеріне жағдай жасау. Байқау жобаларды жүзеге асыруға инвестиция салатын азаматтарды табуға ықпал етіп қана қоймай, ойлап тапқан дүниені одан әрі дамытуға да мүмкіндік береді",-деді басқарушы директор.           

Бұл ретте ол байқауда жоғары технологиялық әрі кең ауқымды жобалардың қарапайым туындылармен қатар ұсынылғандығын айтты. Өйткені олардың қолжетімділігі мен қарапайымдылығына қарамастан, жобалардың әрқайсысы да қоғам үшін маңызды.   

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика