Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: 10 жыл ішінде Heidelberg Cement неміс компаниясы ҚР экономикасына 420 млн АҚШ долларын инвестициялады

«Heidelberg Cement» неміс компаниясы Қазақстанда 2005 жылдан бастап жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда ол республикада 10 жобаны жүзеге асырды.
Астана қаласы23 Маусым , 15:02

Оның ішінде туарлық бетон бойынша 6 зауыт құрылды: Астанада екеуі жұмыс істеуде, 3 Алматыда,1 Ақтауда жұмыс істейді. Сондай-ақ, Маңғыстау облысының Шетпе ауылында және Бахтарма цемент компаниясының базасында компаниялар цемент өндіруде. Инертті материалдардың өндірісімен Алматы және Ақмола облыстарындағы зауыттар айналысуда.

Heidelberg Cement 10 жыл ішінде Қазақстанға бағыттаған  инвестиция көлемі 420 млн АҚШ долларын құрады. Компания 2 мың жұмыс орнын ашты.

Айта кетейік, HeidelbergCement – құрылыс материалдарын өндіретін германиялық үздік компания, цемент өндіретін әлемдік компаниялардың бірі. Компания зауыттары әлемнің 40 елінде орналасқан. Олар Германия, Бельгия, Ұлыбритания, Франция және т.б. Компанияда әлем бойынша  50 мың қызметкер жұмыс істейді.

Анар  Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика