Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қазақстан 2050 жылы «жасыл экономикаға» көшеді

Қазақстан 2050 жылы «жасыл экономикаға» көшеді. Экологияны қорғай отырып, экономиканы дамытатын бұл жоба еліміздің ішкі жалпы өнімін 3 пайызға ұлғайтып, 500 мың адамды жұмыспен қамтиды.
Казахстан26 Маусым , 00:00

Бүгін Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров журналистерге «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы таныстырды.
 
Жасыл экономикаға көшу - уақыт талабы. Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, әрі қалған шығынды кәдеге жаратуға болады. Дамыған елдер бұл үрдіске баяғыда көшкен.
 
Мәселен, Қазақстанда энергияны тұтынудың бір жылдық шығыны 3-4 миллиард АҚШ доллары болса, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 6-10 миллиардқа дейін өсуі мүмкін.
 
Сондықтан балама энергия көздерін табу, деградацияға ұшыраған егістік жерлерді қалпына келтіру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау - бірінші орында тұрған мәселелер.
 
Жасыл экономиканың тағы бір алғышарты қатты тұрмыстық қалдықтарды жою. Қазіргі күні қатты қалдықтың 97 пайызы қоршаған ортаны улап, ашық-шашық жатады.
 
Нұрлан Қаппаров, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі:
2030 жылға қарай елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару және санитарлық сақтау үлесі 95 пайыз көлеміне жектізіліп, оларды өңдеу үлесі 2030 жылы 40 пайызды, 2050 жылы 50 пайызды құрау керек.
 




Яндекс.Метрика