Энергияның балама көздерін дамыту

UNIDO Қазақстанның экологиясына инвестиция тартуға мүдделі - сарапшы

Семинар қорытындысы бойынша экология саласында жаңа жобалардың басталуы күтіліп отыр, экологиялық ахуал реттелуі және «жасыл экономиканы» одан ары жүзеге асыру үшін гранттық қаржылар түсуі мүмкін, деп мәлімдеді «Жасыл Даму» АҚ бас директорының орынбасары Сергей Цой «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы 23 Маусым, 12:52

«Екі күндік семинардың мақсаты ықтимал бірлескен жобаларды, соның ішінде Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) қаржыландыратын жобаларды талқылау және ынтымақтастық орнату үшін Қазақстан аумақтарын тарту болып табылады. UNIDO (Өнеркәсіптік даму бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы)  - бұл ұйым экологиялық проблемалар бойынша бүкіл әлемде жұмыс істейді. Бүгінгі сессия ел экологиясын нығайтуда өзара бірлесіп әрекет ету жолдарын анықтауы тиіс. Бұған дейін жүзеге асырылған бірқатар жобалар бар. Шараға халықаралық сарапшылар мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, бизнес-қауымдастықтарының және жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысуда», - деді С.Цой.

Оның айтуынша, UNIDO Қазақстандағы экологиялық пролемалар спектрын шешуге мүдделі.

«Семинар қортындысы бойынша экология саласында жаңа жобалардың басталуы күтіліп отыр, экологиялық ахуал реттелуі және «жасыл экономиканы» одан ары жүзеге асыру үшін гранттық қаржылар түсуі мүмкін», - деді ол.

С.Цой атап өткендей, EXPO-2017 қарсаңында жаңартылған энергия (ЖЭК) көздері жылдам дамуда.

«Қазақстанда ЖЭк дамытумен айналысатындарға шекті тарифтер бекітілген. Оның үстіне бз ҚР парламенті «жасыл экономиканы» дамыту бойынша заңжобасымен жұмыс істеудеміз. Жалпы, 2020 жылға дейін )аза0станны4 энергожүйесіндегі жаңартылған энергия көздерінің үлесі 3%-ға дейін жеткізу міндеті тұр», - деп атап өтті сарапшы.

Қазақстанда ЖЭК дамытумен ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі белсенді айналысуда.

«Қазақстанда ЖЭК дамытуға жеке инвесторларда мүдделі. Олар қаржыланжыруға қызығушылық танытуда», - деді С.Цой.

Естеріңізге сала кетейік, Асанада «Жаһандық экологиялық проблемаларды жеңілдету бойынша бағдарламаларды әзірлеудің аумақтық әлеуетін нығайту» тақырыбындағы екі күндік семинар өткізілуде. Шараны ҚР Энергетика министрлігі Өнеркәсіптік даму бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы - UNIDO-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика