Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Boehmer GmbH Қазақстанға 19 млн АҚШ долларын инвестициялады

Қарағандыда «Бёмер Арматура» ЖШС мұнай, газ құбырлары мен жылу және су бөлу салаларына арналған шартәріздес крандарды шығаратын зауыт жұмыс істейді. Бұл өндіріс ошағы «KAZNEX INVEST» акционерлік қоғамының неміс инвесторларымен жүргізген келіссөздерінің барысында пайда болды.
Қарағанды23 Маусым , 13:29

Германия тарапынан салынған инвестициялар көлемі 19 млн АҚШ долларын құрады. Бұл қаржы құрылыстар салуға, құрылғылар алуға, технология, негізгі жайне байланыс құралдарына жұмсалды. Қазіргі таңда зауытта 50 жұмыс орны құрылды.

Айта кететін мәселе, өндірілген өнімдерді Кедендік Одақ елдерінің нарықтары мен алыс шет мемлекеттерге шығару жоспарланып отыр.  




Дерекнама

Яндекс.Метрика