Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ҮИИДМБ жылдары фармацевтикалық өнім өндірісі 86 есеге өсті

ҮИИДМБ аясында фармацевтикалық өнім өндірісі 86 есеге өсіп, 0,9 млн-нан 77,6 млн долларға дейін өсті, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» АҚ баспасөз қызметі.
Астана қаласы23 Маусым , 12:38

«ҮИИДМБ жылдары аясында өңдеу өнеркәсібінде өзгертулер болды. 2010-2014 жылдары өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері рекордтық нәтиже берді. Біріншіден, 2009 жылы байқалған салаларда инвестиция қарқыны көбейді: фармацевтикалық өнім өндіру, электрондық өнім мен компьютер шығару», - делінген хабарламада.

2010-2014 жылдар аралығында 2005-2009 жылмен салыстырғанда фармацевтикалық өнім 86 есеге өсіп, 0,9 млн – нан 77,6 млн АҚШ долларына жетті.

Ведомство хабарлағандай, металлургия саласында инвестиция тартылу байқалды. Олар металлургиялық өнеркәсіп, машина жасау, текстиль, киім, былғары өндіру салалары басымдық танытты.

«2010-2014 жылдар аралығында 2005-2009 жылмен салыстырғанда металлургия өнеркәсібіне 3 есе, яғни 4,2 млрдтан 14,5 млрд АҚШ доллары, көлік және қондырғы жасау 4,7 есе, яғни 4,2 млрдтан 14,5 млрд АҚШ долларына дейін, текстиль өндіру, былғары мен киім 4,9 есе, 15,2 млн-нан 75,2 мдн АҚШ долларына дейін, азық-тұлік өндірісі 2,4 есеге, 512 млнннан 1,2 млрд АқҚ долларына дейін инвестиция көбейді», - деп хабарлады ведомство.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика