Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИМДБ аясында республиканың ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңарту көзделіп отыр

«Самұрық Қазына Инвест» ЖШС Петропавл қаласында ауыл шаруашылығы, тасымалдау және коммуналдық техника шығару ісін ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Идустриялар және даму министрлігі.
Солтүстік Қазақстан23 Маусым , 17:31

Аталған жолбаны жүзеге асырудың нәтижесінде ҚР машинақұрылысы саласын дамыту, Қазақстанның коммуналдық, ауыл шаруашылығы, тасымалдаушы техникалар импортына тәуелділігін кеміту, республикадағы ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңарту жоспарланып отыр. Аталған нысанды іске қосу 2015 жылға көзделген.  

Жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде қол жеткізілетін жетістік 350 егін жинаушы комбайндары мен 4 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникаларының (тракаторлар, трікемелер, бункерлер мен азық-түлік дайындайтын техникалар т.б.)   жыл сайын бар қуатында жұмыс істеуі. Зауыттың 15 жылдағы қызметінен түсетін пайда 26 792 млн теңгені құрауы керек. Нысанның құрылысы кезінде оған 50 адам тартылып, ол іске қосылғанда нысанда 128 адам жұмыс істейді.   

Жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде, яғни 2015-2017 жылдары саудалау шаралары жүзеге асырылатын мақсатты нарықтар Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары болады. Одан кейінгі 2018 жылы сауда-саттық шаралары Оңтүстік Қазақстан облысы мен Ресейге жақын субъектілер пайдаланылатын болады.  

Қазіргі таңда жөндеу, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика