ҚР ИИДМБ

ҮИИДМБ жылдарында қайта өңдеу саласына барлық тікелей шетелдік инвестицияның 74% тартылды

ҮИИДМБ жылдарында қайта өңдеу саласына тікелей шетелдік инвестициялар тәуелсіздік жылдарымен салыстырғанда барынша көп тартылды, деп мәлімдеді «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі»АҚ Басқарма төрағасы Борісби Жанғұразов ОКҚ-да.
Астана қаласы23 Маусым , 12:23

«ҮИИДМБ жылдарында қайта өңтеу саласына 2005 жылдан бастап барлық тікелей шетелдік инвестицияның 74% тартылды. 2005 жылға дейін тікелей шетелдік инвестициялар көлемі өте аз болатын, яғни ҮИИДМБ жылдарында қайта өңдеу саласына тікелей шетелдік инвестициялар тәуелсіздік жылдарымен салыстырғанда барынша көп тартылды», - деді ол.

Басқарма төрағасы атап өткендей, бірінші бесжылдықта ірі инвесторларды тарту, жаңа салалық кластерлерді құру міндеті тұрды. Осы ретте, машинақұрылысы саласын қарастыратын болсақ, бізде автомобильдер, теміржол локомотивтерін, комбайндарды құрастыратын кәсіпорындар пайда болды.

Бұдан басқа ТШИ ағымының артуына байланысты қайта өңдеу саласының үлесі ҮИИДМБ дейінгі 7%-дан ҮИИДМБ жылдары 14%-ға дейін артты.

Сонымен, ТШИ-дің негізгі үлесі 82% немесе 14 477  млн АҚШ доллары металлургия өндірісі мен дайын металл өнімдерінің өндірісіне тартылды, тамақ өнімдері өнірісіне 7% немесе 1 229,6 млн АҚШ доллар, компьютер мен электронды өнім өндірісіне 4,6% немесе 813,9 млн доллар, рәзіңке мен пластмасса өнімдері өндірісіне 2,6% немесе 465 млн доллар  құйылды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика