Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан түрік және қытай инвесторларымен 60 жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда

Қазақстан түрік және қытай инвесторларымен 60 жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда, деді ҚР ИДМ инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы23 Маусым , 11:48

«20-ға жуық жобаны түрік инвесторларымен жүзеге асыру жоспарланған. Ал, қытай инвесторларымен бірігіп 38 жоба жүзеге асыру ойда бар. Бірінші кезекте ол өңдеу өнеркәсібінде орын алады», - деді Е.Хаиров.

Ірі жобалардың ішінде комитет төрағасының айтуынша, мұнай-газ және мұнай өңдеу саласы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Бізде қазір баламалы энергия көздері бойынша жобалар өте көп. Біз ауыл шаруашылығын өңдеу саласына үлкен қызығушылықты байқап отырмыз. Демек, біз осы салаларға инвестиция құйылғанын күтудеміз, бірақ, машина жасау және металлургия инвестиция тартатын басым салалардың бірі болып отыр», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика