Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан соңғы 5 жылда жыл сайын 20 млрд доллардан шетел инвестициясын тартып отырған

Қазақстан соңғы 5 жылда жыл сайын 20 млрд долларға жуық шетел инвестицияларын тартып келді, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров Орталық коммуникациялар қызметінде.
Астана қаласы23 Маусым , 11:36

«Өткен жылы шетелдік инвестициялар көлемі бүкіл әлем бойынша, 8 пайызға дейін төмендеді, бұл ретте дамушы мемлекеттердегі өсім 50 пайызға жеткендігін айты кету керек. Осыған қарамастан, шетелдік инвестициялардың тұрақты өсіміне қол жеткізілді. Соңғы 5 жылда біз әр жыл сайын 20 млрд долларға жуық шетел инвестицияларын тартып келдік»,-деді комитет төрағасы.

Оның сөзінше, аталғандармен қоса 2014 жылы біз айтып отырған көрсеткіш 23,9 млрд долларды құраған. Яғни 2013 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда елге тартылған инвестициялар небәрі 100 млн долларға ғана азайған. «Соңғы 10 жылда Қазақстан 208 млрд доллар көлемінде қаржы тартты. Инвестиция салушы негізгі мемлекеттердің бестігіне Нидерланды, АҚШ, Швейцария, ҚХР, Франция кіреді»,-деді ол.

Төрағаның айтуынша, Қазақстанда соңғы жылдары инвестицияларды тарту құрылымы өзгерді.

«Баршаға мәлім, қазір энерготасымалдаушылар мен металдарға деген баға түсіп кетті, осыған байланысты өзгеріс жүріп жатыр. Яғни, біз мұнда өңдеу саласына салынатын инвестициялар көлемінің төмендеп, қайта өңдеу саласына салынатын қаржының өсіп келе жатқандығын көріп отырмыз.  Өткен жылы өсім 2013 жылмен салыстырғанда 48 пайызды құрады. Бұл бірінші кезекте индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жемісі, аталмыш құжат елде қолайлы инвестициялық климат қалыптастырды»,-деді Е.Хаиров.  

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика