Жастарға үндеу

«Нұр Отанның» жаңа доктринасы жастарға бағытталған – М. Әшімбаев

«Нұр Отан» ХДП партиясының XV Съезі барысында таныстырылған партияның жаңа саяси доктринасы ауқымды және көпмерзімді мемлекеттік тапсырмаларды орындауға бағытталған, ал доктринаның негізгі бағыты жастарға арналған, деп ҚР Парламент Мәжілісі Халықаралық қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.
Астана қаласы18 Қазан , 12:05

«Доктрина бәрінен бұрын жастарға бағытталған, сондықтан оны «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі ретінде қарастыруға болады», - деді М. Әшімбаев.

Оның айтуынша, саяси доктринада стратегиялық бағыттар мен партиялық мақсаттар көзделіп, белгілі бағыттар қарастырылған.

«Доктринаның басқа бағдарламалық құжаттардан айырмашылығы  идеологиялық құжат болғандығында. Ал өзгелері әлеуметтік, экономикалық бағыттарды ұстанған», - деді М. Әшімбаев.

Мәжілісмен атап өткендей, Мемлекет басшысының Қазақстанның 30 елдің қатарына ену тапсырмасын орындау үшін мемлекеттің барлық ресурстарын қолданып, елді жаңа даму деңгейіне шығару қажет.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика