Халықаралық интеграция

Делиде Қазақстан мен Үндістан делегацияларының өкілдері үкіметаралық ынтымақтастық мәселесін талқылады (ФОТО)

Владимир Школьник бастаған Қазақстан үкіметінің делегациясы Үндістанға сапар шекті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде 23 Маусым, 17:46

Сапардың мақсаты – сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-үндістандық үкіметаралық комиссиясының 12-ші мәжілісін өткізу болатын.

Мәжіліс барысында тараптар энергетика, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, көлік пен логистика, азаматтық авиация, мәдениет және спорт, туризм, денсаулық сақтау мен фармацевтика, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, тау-кен өнеркәсібі, тоқыма саласы, банк пен әскери-техникалық салалар бойынша өзара тиімді қарым-қатынастардың перспективаларын талқыға салды.   

Тараптар сонымен қатар, 2015 жылдың 7-8 шілдесінде Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Модидің Қазақстанға сапары барысында қол қойылуы жоспарланып отырған екіжақты келісімдердің жобалары бойынша өзара пікір алмасты. Мәжіліске сонымен қатар, Үкімет басшысы Кеңсесінің жетекшісі Әнуар Омарходжаев пен Қазақстанның Үндістандағы елшісі Болат Сәрсенбаев қатысты.

Мәжіліс соңында осы күні келісілген барлық келісімдер тіркелген хаттамаға қол қойылды.

  

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика