ҚР ИИДМБ

KAZNEX INVEST әлемнің 8 елінде өкілдік ашады

KAZNEX INVEST әлемнің 8 елінде өкілдік ашады, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде «KAZNEX INVEST экспорт және инвестиция бойынша ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Бөрісбай Жанғұзаров.
Астана қаласы23 Маусым , 11:31

«Қазір жұмыс әр түрлі елдермен жүргізілуде, KAZNEX INVEST әлемнің 8 елінде өз өкілдігін ашады, ол барлық елдің инвесторымн қарым-қатынас орнатып жұмыс жүргізу үшін жүзеге асырылатын жұмыс. Бүгінгі таңда Қазақстанда және шетелде бизнес-форумдар өткізілуде», - деді ол.
Оның айтуынша, 5 институционалды реформа аясында жүзеге асырылып жатқан 100 нақты қадам бойынша жұмыс екі бағытта жүзеге асырылуда.

«Біріншіден, біз екінші бесжылдыққа таңдалған басым салаларды аламыз. Бұл – металлургия, мүнай-химия, мұнай өңдеу, машина жасау. Онда қазақстандық индустрияны дамыту институты басты жобаларды анықтады, олар осы салаларда жүзеге асырылатын болады. Біз аталмыш жобаларды өз мүмкіндіктерін асыру арқылы осында жүзеге асқанын қалаймыз», - деді ол.

Сондай-ақ, Жанғұзаров атап өткендей, Қазақстан аймақтарына қызығушылық танытып жатқан инвесторлар таңдалып алуда.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика