Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Құрылыс материалдарының өндірісі бойынша «Кнауф» зауыты ҚР-дағы қызметін кеңейтуді қайта ивестициялауда

Қазақстанда құрылыс материалдарының өндірісі бойынша «Кнауф» зауыты өз қызметі барысында 400-ден астам жұмыс орнын ашты.
Астана қаласы23 Маусым , 11:24

Елбасының ГФР-ға 2012 жылдың ақпанындағы сапары аясында  «KAZNEX INVEST»АҚ мен Кнауф арасында құрылыс материалдарының өндірісі бойынша зауыттың екінші кезегін салу туралы меморандумға қол қойылды.

Бүгінгі таңда құрылыс аяқталды және зауыт іске қосылды. Зауыт гипстен жасалған матералдарды, құрғақ қоспалар мен гипсокартон өндіреді.
Зауыттың екінші кезегі бөлек нысанда салынды, оның ішінде гипстен жасалған біріктіргіш материалдарды өндіретін тартқыш орнатылған. Сонымен қатар, өнімді каптау бойынша заманауи технология құрылған.

Жалпы, Кнауф ҚР-дағы қызметін кеңейту жолында ұдайы қайта ивестициялауда және қосымша инвестиция тартуға дайын. Компания елімізді жүргізіліп жатқан реформалар мен ИИДМБ толығымен қолдайды.
Өткен жылы  Кнауф сегіз компанияның ішінен алғашқылардың бірі болып белсенді инвестициялық қызметі үшін награда алды.
 
 




Яндекс.Метрика