Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Ұзындығы 13,9 км болатын Боржақты-Ерсай темір жол желісінің құрылысы аяқталды

Ұзындығы 13,9 км болатын Боржақты-Ерсай темір жол желісінің құрылысына 9,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.
Маңғыстау23 Маусым , 14:32

Аталған жоба аясында екі станса, 1 бағытбелгілегіш пен бірқатар жасанды нысандар салу жоспарланған, сондай-ақ Боржақты, Ерсай стансаларынан екі бөлек бекеттер ашылмақ. Естеріңізге сала кетейік, аталған құрылысты жүзеге асыру шарасы 2014 жылдың 1-қазанында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы негізінде басталған болатын.     

«Қазіргі таңда басты жолдың 13,9 км болатын рельсті-шпалды торлары төселіп, 560 мың текше метр (96 пайыз) топырақ қабаты, 2 су жібергіш құбырдың монтаж жұмыстары аяқталды»,-делінген хабарламада.    

Боржақты стансасында стансалық және қабылдап-жіберу бағыттарын салу жұмыстары аяқталды, топырақтан жасалған құрылыстарға арналған алаң дайындалды, соның ішінде ЭЦ тірегі мен екіпәтерлі үйдің іргетасы қаланды. Осы уақытта ВЛ-10 кВ құрылыстары жүріп жатыр.   

Хабарламадан мәлім болғанындай, Боржақты-Ерсай қазіргі заманғы EBILock 950 микропроцессорлы жүйесімен қамтамасыз етілетін болады. Аталмыш жүйені «Бомбардье Транспортейшн (Сигнал)» компаниясы жеткізеді.

Құрылыс жұмыстарына 51 техника мен 100 адам жұмылдырылған.  

«Биылғы жылдың 1-шілдесінен бастап, құрылыс материалдарын тасымалдайтын пойыздар қозғалысының жолы ашылады. Жұмыстар алдын ала белгіленген мерзімде аяқталады»,-дейді министрлік өкілдері.

 




Яндекс.Метрика