Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Құрғақ порт нысандары 133 гектар жерді алып жатыр

Құрғақ порттың «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы бас жоспарға сәйкес, 240 гектарды құрайды. Оған қоса құрғақ порттың тең жартысын ғана қолдану қарастырылған. Оның нысандары 133 га жерді алады.
Алматы23 Маусым , 13:07

Қосымша жер жүк тасымалдау кезінде кеңею үшін қолданылатын болады, деп хабарлады ҚР ИДМ.
 
Құрғақ порт операторы қызметін «KTZ Express» – «KTZE Khorgos Gateway» АҚ мен «DP World» порттық оператор компаниясы атқаруда.

Құрғақ порт бірнеше темрминалдардан тұрады: контейнерлік терминал, тарно-дана терминалы, тарно-даналық/ірі-габаритті жүк терминалы, контейнерлік аула, санитарлық-ветеринарлық бақылау желісі.

«Құрғақ порт ҚХР-дан келген темір жол құрамы мен қазақстандық темір жол құрамының кең ауқымын қамтамасыз етеді. Темір жол жолдары, Құрғақ порттың іші мен сыртында оңтүстік-батыс бұрышынан жолқұрбы арқылы Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралін кесіп өтеді. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА шекарасы  БКБҚ жолынан 800 метр қашықтықта салынатын болады», - делінген хабарламада.

Құрғақ порттың аймағы жоғарғы және төмен қысымдағы электр энергиясымен қамтылады.

 

 




Яндекс.Метрика