Инвестициялар

Сумен қамтамасыз ету және су бөлу жүйелерін жаңғыртуға ШҚО 3,9 млрд теңге бөледі

Еуропалық банк өкілдері Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы бірқатар жобаларды жүзеге асыру бойынша жасалған келісімнің жүзеге асырылу жолдарымен танысу мақсатында Шығыс Қазақстанға келді, деп хабарлайды облыстың ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан23 Маусым , 16:46

Джанет Хэкманмен кездесуі барысына Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасынан өтетін көпір құрылысы, Өскемен – Зыряновск трассасының бойындағы Осин шатқалын айналып өту жолы, Өскемен мен Семей арасын жалғап жатқан көпір, муниципалды автопарктер құру мен энергияүнемдегіш лампаларды пайдалану арқылы көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жаңғырту жобалары таныстырылды.  

«Біз халықаралық қаржы институттарымен жұмысты барынша жетілдіргіміз келеді. Бізде түрлі салалардағы жағдайды жетілдіруге бағытталған, жүзеге асыруға болатын ірі инфрақұрылым жобалары бар»,-деді Даниал Ахметов. 

Атай кететін мәселе, Өскемен мен Семей қалаларында сумен замтамасыз ету мен суды бөлу жүйелерін жаңғыртуға бағытталған құны 3,9 млрд теңге болатын тікелей займдар туралы келісімге қол қойылып қойған. Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар, таныстырылған жобаларды бүге-шігесіне дейін қарау қажет деп шешті.   

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика