Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Атырау МӨЗ-де хош иісті көмірсутек өндірісі кешенін іске қосу 177 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді

2010-2015 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ хош иісті көмірсутек өндірісі кешенінің құрылысын жүргізуде, деп хабарлады ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі.
Атырау23 Маусым , 15:48

Аталмыш нысанның құрылысы аяқталған соң жоғары октанды жанармайдың түрлі маркілер өндірісінің көлемі мен 2017 жылдан кейін бензол өндірісі жылына 133 мың тоннаға, ал, параксилол 496 мың тоннаға дейін артады деп күтілуде. Нысан пайдаланылуға берілгеннен кейін жаңа 177 жұмыс орны ашылады.

Атырау мұнай өндіру зауытындағы хош иісті көмірсутек өндірісі кешенінің икемді техникалық сұлбасы бар және ол мұнай химиялық өнім (бензол, параксилол) мен жоғары оактанды бензиннің қоспасын (риформат) қатар өндіруге мүмкіндік беретіндей жобаланған.

Еліміздегі жоғары октанды жанармайға деген тапшылықты ескере келе Қазмұнайгаз хош иісті көмірсутек өндірісі кешенінің жұмысын бірінші кезекте қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады, осылайша жоғары октанды бензин өндірісінің көлемі АИ-92 маркісі бойынша 430 мың тоннаға дейін арттырылады (2013 жылы ол 130 мың тоннаны құрады).
2014 жылдың 25 желтоқсанындағы «Қазақстанның жаңа индустрияландыру» жалпыұлтты телекөпір аясында Елбасы хош иісті көмірсутек өндірісі кешенін іске қосу-жөндеу жұмыстарына бастау берді.

Бүгінде риформаттың алғашқы партиясы алынды. Риформаттың өндірісін одан ары арттыру АИ-92 мен АИ-95 маркалі жоғары октанды жанармай өндірісін 42-ден 60%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Аталып өткендей, 2017 жылға дейін жоғары октанды жанармайға деген ішкі сұранысты қамтамасыз ету мақсатында жанармай үлгісі бойынша хош иісті көмірсутек өндірісі кешенін іске қосу жоспарлануда.




Дерекнама

Яндекс.Метрика