ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

ҚР Президенті «Нұр Отан» доктринасында мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыру қажеттігін атап өтті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП XV Съезі барысында «Нұр Отан» доктринасында мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыру қажеттігін атап өтті.
Астана қаласы18 Қазан , 12:55

«Доктринада мемлекеттік тіл халық бірлігінің факторы ретінде аталғаны өте маңызды. Бұл сұраққа салмақты қарайтын кез жетті. Қазақ тілін білу бұл біздің азаматтық парызымыз  ғана емес, бұл халықты сыйлау дәрежесінің көрсеткіші», - деді Н. Назарбаев.

«Біздің қоғам менің Тәуелсіздік Күнінде мәлімдеген жаңа қойылған мақсатқа сенімділікпен аттады. Бұл мемлекеттің 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы. 21 ғасырдың ортасы тарихи кемелділіктің белгісі. Бағдарлама тыңғылықты құрастырылды, біздің қандай мақсатқа жеткіміз келетіні айқын», - деді Мемлекет басшысы.

«Мен бұл бағдарламаны  («Стратегия «Қазақстан-2050») соңына дейін орындап, халқымызды тұрақтылыққа бейімдейтінімізге сенімдімін», - деп түйіндеді Н. Назарбаев.

Съез жұмысына 1200 делегат қатысуда. Оған қоса, әр түрлі саланың тізгінін ұстаған  мыңнан аса қонақ шақырылған.

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика