Өңірлер

ҚР экономикасына жекешелендіру аясында 35,1 млрд теңге инвестицияланды – Қаржы министрлігі

Мүліктерді жекешелендіру жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 345,2 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 36 469 өтініш түсті.
Казахстан23 Маусым , 11:53

Қазақстанда 2015 жылдың 19  маусымына сәйкес, с омасы 198,3 млрд. теңгені құрайтын  27 724 нысан  жария етілді, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Оның ішінде, сомасы 244,5 млрд. теңгеге 30 163 тұрғын үй  нысаны, сомасы 96,0 млрд. теңгеге 15 689 тұрғын үй емес нысаны, оның ішінде 67,0 млрд.теңгеге 3 980 коммерциялық нысан, сомасы 0,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 14 қатысу үлесі, сомасы 4,0 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Сомасы 198,3 млрд. теңгеге 27 724 объект жария етілді.

 Мүліктерді жекешелендіру бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 636,2 млн тенге құрайтын 17 тұрғын үй объектісін жекешелендіру бойынша  өтініш келіп түсті. Оның ішінде, сомасы 631,7 млн. тг құрайтын 13 тұрғын үй нысаны, сомасы 1,5 млн. тг құрайтын  тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 1,5 млн. тг құрайтын  коммерциялық нысаны, сомасы  3,0 млн. тг құрайтын, 2 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі, 670 тг сомасында бағалы қағаздар.

Сомасы 636,2 млн. теңгеге 16 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

 ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 19.06.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 69,9 млрд.теңге ақшаны жария етуге 129 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,8 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 28,2 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 35,1 млрд. теңге.

19.06.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 2,9 млрд.теңге түсті.




Яндекс.Метрика