Халықаралық интеграция

Қазақстан Мексикамен өнеркәсіптің түрлі саласында ынтымақтастық жүргізуге мүдделі – Ыдырысов

Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Мексика Парламенті Сенат комитетінің төрағасы, Ұлттық қызмет партиясының мүшесі Габриэла Куэваспен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Астана қаласы23 Маусым , 11:09

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың дамуы мен жағдайы талқыланды, СІМ басшысы атап өткендей, ол жаңа кезеңге өтуде. «Оған  дәлел Мексиканың Астана қаласында  осы жылы  елшілік ашуы, біз бұл орайда қолдауға әзірміз», - деді Е. Ыдырысов.

Сондай-ақ, СІМ басшысы Мексикамен тығыс қарым-қатынас орнатуға қызығушылық бар екенін атап өтті. Ол өнеркәсіп, мұнайхимия, машина жасау, тау-кен өнеркәсібі, металлургия саласы, азық-түлік, ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнату көзделген.

«Қазақстанның ДСҰ кіру ақпаратын ескере отырып, Е.Ыдырысов  күз маусымында Н.Назарбаевтың Мексикаға сапары барысында екіжақты салық төлеуден босатылу туралы конвенция мен өзара инвестиция туралы келісімге қол қоюды ұсынды», - делінген хабарламада.

Қорытындысында министр Мексикаға 2013 жылы Қазақстанның 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің құрамына енуде қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

 

 




Яндекс.Метрика