Адамзаттық капитал

Үш мыңға жуық әскери қызметші шақырылым бойынша әскери қызметтен босатылады (Фото)

ҚР Қарулы Күштерінде сәуірден бастап маусымға дейін 3 000-ға жуық мерзімді әскери қызметші әскери қызметтен босатылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 23 Маусым, 15:32

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде жоспарлы тәртіпте заң бойынша белгіленген мерзімді, яғни 12 ай қызмет өткерген мерзімді әскери қызметшілерді босату жүргізілуде.

Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді босату жыл сайын жүргізілетінін еске сала кетейік. Мерзімді әскери қызметшілерді запасқа босату ҚР Қорғаныс министрі және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрықтарына сәйкес әскери бөлімдердің командирлерімен жүргізіледі.

Биылғы жылы көктемгі шақыру кампаниясы сәуірде басталып, маусымда аяқталады. Оның шеңберінде мерзімді әскери қызметке шамамен 15 мың бозбала шақырылады. Ағымдағы жыл бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын барлығы 30 мың шақырылушы толықтыратын болады.

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика