Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Индустрияландырудың 5 жылы ішінде ҚДБ жалпы сомасы 1 984 млрд теңге болатын 32 жобаны қаржыландыруды мақұлдады

ҮИИДМБ жүзеге асыру мерзімінде Қазақстанның Даму банкі Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған жалпы сомасы 1 984 млрд теңге болатын 32 жобаны қаржыландыруды мақұлдады, дәлірек айтсақ оның ішінде 965 млрд теңге ҚДБ-ға тиесілі.
Казахстан23 Маусым , 10:39

2015 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ҚДБ-да Индустрияландыру картасының 21 ЖК жүзеге асырылуда, олардың жалпы құны 1 870 млрд теңге болса, банктен алынған берешек сомасы 892 млрд теңге. Бүгінгі таңда ҚДБ қаржыландырған ҮИИДМБ жобаларының жиынтық құны Индустрияландыру картасына құйылған инвестиция көлемінің 16% құрады.

Индустрияландыру картасына ҚДБ-ның қаржылай қолдауы аясында жиынтық құны 506 млрд теңге болатын 24 инвестициялық жоба іске қосылды, оның ішінде 251 млрд теңгесін ҚДБ қаржыландырды. Аталмыш кәсіпорындарда 8,6 мың жұмыс орны ашылды.

ҚДБ іске асырған жобалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етуде. Банктың энергетика саласында қаржыландырған жобалары энерготимділікті арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, ҚДБ көлік жүйесін дамытуда, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруда, отандық тауарларды өткізетін жаңа нарықтарды ашуда маңызды роль атқарады. Бұдан басқа, ҚДБ кайта өңдеу саласында да ілкімді істерді іске асыруда.




Яндекс.Метрика