Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Қазақстанның дамыған елдер қатарына енуі – «Нұр Отан» жұмысының векторы -Н.Назарбаев

«Нұр Отан» партиясының негізгі мақсатының бірі, Қазақстанның дамыған елдер қатарына ену тапсырмасының орындалуының даму векторы болып есептеледі, деп «Нұр Отан» ХДП-ның ХҮ съезі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
Астана қаласы18 Қазан , 12:44

« «Нұр Отанды» тұрақты істерді, нәтижелерді  атқаратын партия ретінде халық  мойындады.Біздің парызымыз – мемлекетті гүлденген республикаға айналдыру. Еліміздің дамыған елдер қатарына енуі -  «Нұр Отан» қызметінің векторы, болашаққа қойған ұлы мақсатымыз», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы атап өткендей, бүгінгі қабылданғалы отырған партияның  жаңа саяси доктринасы осыған бағытталған.    

«Біз өз халқымыздың ерекшелігін жетістікке айналдыра алдық. Біздің көпұлттылығымыз  байлығымызға, бірлігімізге, жетістігімізге  айналды. Ұлттық зияткерлік әр уақытта осыны есте ұстап жастардың біртұтастығына үлгі болу керек», - деді Н. Назарбаев.   

Айта кетейік, 18 қазан Астанада  Тәуелсіздік сарайында Мемлект басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» ХДП-ның ХҮ съезі ашылды.

 

 




Яндекс.Метрика