EXPO-2017

Қ.Тоқаев мексикалық компанияларды ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мексика Сенаты Халықаралық байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Габриэла Куэвас Барронды қабылдады. Қ.Тоқаевтың пікірінше, мексикалық сенатордың сапары Қазақстан мен Мексика арасындағы парламенттік үнқатысудың басталғанын көрсетеді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы23 Маусым , 09:08

Қазақстан Сенатының басшысы еліміздің қазіргі кездегі дамуы және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын іске асыру жоспары туралы айтты.

«Ол Еуразия экономикалық одақ және Латын Америкасындағы интеграциялық бірлестіктер қызметі тұрғысында Қазақстан мен Мексика сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктерін толықтай пайдалануға шақырды. Қ.Тоқаев Астанада өтетін Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне мексикалық компанияларды шақырды», - делінген хабарламада.

Г.Куэвас Мексиканың Қазақстанмен жан-жақты қатынастарды дамытуға зор мән беретінін, оған биыл Астанада Мексика елшілігінің ашылатыны дәлел болатынын атап өтті. Ол екіжақты және халықаралық парламенттік форумдар аясындағы парламентаралық байланыстарды нығайту жайында да айтты. Өзінің Қазақстанға сапарынан алған әсері туралы айта келіп, мейман аймақтық дамудағы біздің еліміздің маңызды рөліне тоқталды, сондай-ақ әйелдердің қоғамдық өмірге қатысуы жоғары деңгейде екеніне назар аударды.

Жүздесушілер сонымен қатар терроризм мен есірткі тасымалына қарсы іс-қимыл мәселелері туралы да пікір алмасты.

 




Яндекс.Метрика