Мәдениетті жаңғырту

Астанада О. Тұржанның шығармашылық кешімен Маңғыстау облысының Мәдениет күндері ашылды (ФОТО)

Астанада ақын Оңайгүл Тұржанның «Теңіздер де шөлдейді» шығармашылық кешімен Қазақстанның елордасындағы Маңғыстау облысының Мәдениет күндері ашылды.
Астана қаласы 22 Маусым, 20:46

Оңайгүл Тұржан Еуразия ұлттық университетінің филология ғылымдарының кандидаты, аудармашы, журналистика мен саясаттану факультетінің доценті. Сонымен қатар, кезінде Фариза Оңғарсынова негізін қалаған «Тұмар» журналының редакциясын басқарады.

Қазақстанның елордасындағы Маңғыстау облысының Мәдениет күндері үш күн бойы 22-24 маусым аралығында өтеді.

«Біз Астанаға Мәдениет және спорт министрінің жоспарына сәйкес келдік. Бүгін бізде Оңайгүл Тұржанның шығармашылық кеші біздің шараларымыздың шымылдығын ашты. Сонымен қатар, біз Астанаға  консерватория профессоры  С. Шакраттың «Күй құптаны» концертін алып келдік», - деді Маңғыстау облысы мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар Базаралиева.

Бұдан басқа, Г.Базаралиева атап өткендей, алғаш рет елордалық театрда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған  «Абылайхан» спектаклі қойылады.

Ал, соңғы күні 24 маусымда Конгресс-холлда Маңғыстау облысы әртістерінің гала-концерті өтеді.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика