Астана күні

«Хан Шатыр» әлемдегі ең үлкен шатыр

Астана күні мерекесінің қарсаңында Strategy2050.kz елорданың ең әйгілі ғимараттары жөніндегі материалдар циклін жариялайды.
Астана қаласы22 Маусым , 19:52

«Хан шатыр» - Қазақстан астанасындағы ірі сауда ойын-сауық кешені. Кешен 2010 жылдың 6-шілдесінде Мемлекет басшысының қатысуымен ашылды. Ол әлемдегі ең үлкен шатыр.  

Хан шатырдың жалпы көлемі 127 мың шаршы метр. Ғимаратта бөлшек-сауда және ойын-сауық кешендері бар. Олардың қатарында супермаркет, отбасылық парк, дәмханалар мен мейрамханалар, кинотеатрлар мен спорт залдары, жасанды жағажайы бар аквапарк, теңіз толқындарының бассейні, қызметтік және кеңселік ғимараттар, 700 көлікке арналған орны бар. Хан шатырдың басты ерекшелігі онда орналасқан тропикалық климаты бар жағажай демалыс орны болып табылады. Онда түрлі тропикалық өсімдіктер өсіп тұрады, ауа температурасы +35 градус. Құмды жағажай жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген, онда жүрген адамдар өздерін кәдімді табиғи жағажайда жүргендей сезінеді. Құм Мальдив аймағынан әкелінген. Ғимараттың авторы Норман Фостер.       

Ғимарат биіктігі 150 метр болатын алып шатырды елестетеді. Болат ванттардан құрастырылған шатырға мөлдір полимерлі ETFE жапсырылған. Ерекше химиялық құрамның арқасында ол кешеннің ішкі кеңістігін жылдам өзгеретін температурадан қорғап, ғимараттың ішіндегі ауаны реттеп тұрады.    

Хан-Шатыр Forbes Style журналының мәліметтері бойынша әлемнің үздік деген ғимараттарының ондығына кірген.  

Анар Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика