Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың бас кеңсесі Астанаға көшірілді

Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың бас кеңсесі Мәскеуден Астанаға көшірілді. Бұл туралы Астана қаласында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың басқару кеңесінің 60-шы отырысында мәлім болды. Шарада ЕО, Жапония, Орталық Азия, Кавказ және АҚШ ХҒТО қызметінің жұмысын жалғастыру бойынша жаңа келісім қабылдады.
Астана қаласы22 Маусым , 17:29

«Бүгін халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың дамуы үшін өте маңызды оқиға. ХҒТО өз кезеңінде бұқаралық қару саласында ғылыми жаңалықтардың таралауының алдын алады. Сондықтан да ХҒТО 1992 жылдан бастап Мәскеуде жұмыс істеді, ал өткен жылдан бері орталық Қазақстанда жұмыс істей бастады. Бұл ҚР Үкіметінің шешімі болған еді. Орталықтың жұмысын жалғастыру үшін Қазақстан бірқатар бастам а ұсынуда», - деді ҚР білім және ғылым вице-минстрі Тақыр Балықбаев.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда атақты өнімділік орталықтың болуы отандық ғалымдарға шетел әріптестерімен ынтымақтастық жасауға мүмкіндік тудырады.

ХҒТО-мен жұмыс істеп отырған өкілетті органдар ҚР Білім және ғылым министрлігі болып отыр. Алматыдағы ХҒТО бөлімі 1995 жылдан бастап жұмыс істеуде. Қазақстанда ғылыми ынтымақтастықтың өсуі және қаржыландырудың ұлғаюы өңірлік кеңсенің ұлғаюын қажет етеді. Бас кеңсе 2014 жылдың 5 маусымында ашылды, ол Назарбаев Университетінің аймағында орналасқан. Жаңа тұрақты кесе 2017 жылдың көктемінде ашылады.

Айта кетерлігі, ғылыми-зерттеу институтттары ХҒТО жобаларына қатысады.

2014 жылы 6 млн АҚШ долларының жобалары қаржыландырылды, ал басқарушылар кеңесінің 60-шы отырысында 520 000 АҚШ долларының екі жобасы  мақұлданды.

Индира Кауметова

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика