Халықаралық интеграция

Астанада ХҒТО қызметін жалғастыру жөніндегі келісім бекітілді

Астанада өткен Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) Басқарушылар кеңесінің 60-мәжілісінде ЕО, Жапония, Орталық Азия, Кавказ бен АҚШ өкілдері ХҒТО қызметін жалғастыру және оның бас ңғимаратын Мәскеуден Астанаға көшіруге қатысты жаңа келісімді бекітті.
Астана қаласы22 Маусым , 17:23

«Халықаралық ғылыми-техникалық орталық адамзат игілігі жолындағы түрлі мемлекеттердің ынтымақтастығының тарихи үлгісі. Бүгін біз жаңа келісімді бекіттік, орталық болашақта және осы кезде экономикадағы күрделі мәселелерді шешуі қажет»,-деді Басқарушылар кеңесінің төрағасы Рональд Леман.

Айта кететін мәселе, Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жұмысын жалғастыруға қатысты келісім аталмыш орталықты дамытуға деген жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Ал, Қазақстан оны ресми түрде қабылдап алушы мемлекет.  

«Бүгін біз жаңа келісімге қол қойып отырмыз, ол бойынша Халықаралық ғылыми-техникалық орталық бұрынғыдан да жемісті жұмыс істейтін болады. Ол үшін Қазақстан үкіметі арнайы шарттар қалыптастырып отыр. Өткен жылы ұйымның ғимараты Назарбаев Университетіне көшірілген болатын. Жалпы алғанда жақсы жағдайлар қалыптастырылып отыр. Болашақта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады»,-деді Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев. 

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика