Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстандық компания «Rail – Air» жүйесі бойынша мультимодальді тасымалдауды енгізуде

«KTZ Express» АҚ «Rail – Air» жүйесі бойынша мультимодальді тасымалдауды енгізуде, деді «KTZ Express» АҚ президенті Санжар Елубаев ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы22 Маусым , 17:19


«Біз әртүрлі логистикалық өнім ұсынамыз. Тұңғыш рет «Rail – Air» жүйесі -  тікелей әуежайға апаратын темір жол транспортының тасымалын кедендік сүйемелдеу арқылы жеткізу жүйесін енгізді. Бірыңғай кедендік режимде Еуропаға ұшақ жөнелді. Пилоттық жобалар да жүзеге асырылды, қажетті көлемдер алынуда. Біз бұл орайда тұңғыш рет физикалық емес кедергілерді алдық – ол темір жол және әуетранспортты қосу», - деді С.Елубаев.
Оның айтуынша, осыдан бөлек компания изотермиялық контейнерлерге инвестиция құйды.

«Бұл арнайы климаттық бақылауы бар контейнерлер, ол жүк қысымын еңсеруге жол берді, ол Қытайдан Еуропаға қыс мезгілінде теңізге жіберілетін», - деді ол.

Мұндай физикалық және физикалық емес  кедергілерді жою шешімдерінің  қабылдануы Қазақстан шекарасы арқылы Қытай-Еуропа бағытында жүк тасымалын кеңейте түседі.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика