Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қазақстанда өндіруші салалардың қызметі ашық - ИЖТМ

Кеше, Абиджан қаласында (Кот-д’Ивуар Республикасы) Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасы (бұдан әрі - ӨСАБ) бойынша Халықаралық басқарма отырысы өтті, онда Қазақстанның Бастама стандарттарына сәйкестігі туралы мәселе қаралды, деп Индустрия және жаңа технологиялар қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан18 Қазан , 12:05

«Нәтижесінде, отырыста Халықаралық Басқарма ӨСАБ  енгізу бойынша қабылданған күш-жігерлер және олардың Қазақстан Республикасындағы нәтижелері жоғары бағалауға лайық екендігі туралы қорытынды шешім қабылдап,  Қазақстан Республикасына «ізбасар-ел» мәртебесін беру туралы жариялады», - деп хабарламада нақтыланған.

Қазақстан Республикасы 2005 жылы ӨСАБ стандарттарын енгізу бойынша  міндеттемелерді қабылдағанын еске саламыз. ӨСАБ стандарттары өндіруші сектордағы компаниялар және үкімет табыстарының ашықтығына бағытталады. ӨСАБ-ты іске асыру халықаралық, саяси және жемқорлыққа қарсы күрес сипатындағы жоғары мәртебеге ие.

Үкіметтік емес сектордың өкілдерін Ұлттық кеңесте оңтайландыру үшін диалог алаңын құру бастамасы жасалды. 2015 жылға дейінгі іс-шараларды қамтыған ӨСАБ-ты іске асыру бойынша Жұмыс жоспары жаңартылды. Тараптардың өзара түсіністігі туралы меморнадум қабылданды, оған 2013 жылғы 9 қазанда ӨСАБ бойынша 5-ші ұлттық конференция барысында барлық ӨСАБ тараптары қол қойды. ӨСАБ-ты енгізу мерзімінде ӨСАБ бойынша 7 Ұлттық есептер жасалды.

 

 




Яндекс.Метрика