Адамзаттық капитал

«Мәтібұлақ» полигонында үздік артиллериялық батареяны таңдайды (ФОТО)

01098 әскери бөліміне қарасты «Мәтібұлақ» полигонында далалық дағды бойынша ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің үздік артиллериялық батареясы сайысы басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Жамбыл 23 Маусым, 08:36

Осы жарысқа әрбір құрамында 48 әскери қызметшіден тұратын 8 батарея қатысады.  Байқау 6 кезең бойынша өтеді. Атап айтқанда: спорттық, арнайы, нысанаға бірінші оқ ату, взводпен тапсырманы орындау, төзімділік жарысы және «Батарея, атысты баста!».

26 маусымға дейін өтетін сайысқа барлығы 500-ге жуық әскери қызметші қатысады. Жарыс қорытындысы бойынша «Артиллериялық дуэль» оқу-жаттығулары ТМД қатысушы елдері Қарулы Күштерінің бірлескен ынтымақтастық шеңберіндегі артиллериялық бөлімшелердің үздік далалық машығы халықаралық сайыстарында Қазақстанның Қарулы Күштерін танытатын жеңімпаз анықталатын болады.

Сайысқа қатысушылар арасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы – 40398 ә/б, «Батыс» ӨңҚ – 25744 ә/б, «Оңтүстік» ӨңҚ – 85395 және 35748 ә/б, сондай-ақ Аэроұтқыр әскерлерінің 32363, 18400, 61993, 12740 ә/б  артиллериясы бөлімшелерінің  әскери қызметшілері бар. ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері артиллериялық бөлімшелерінің үздік далалық дағдысы сайысы жыл сайын өтетінін атап өткен жөн. 


 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика