Астана күні

Астана күнін тойлауды «Сахнадан сәлем!» III халықаралық театрланған фестиваль ашады (Фото)

«Сахнадан сәлем!» III халықаралық театрланған фестивалі Қазақстанның театр өнеріндегі маңызды оқиға болып есептеледі, Елорда күнін тойлау театр қойылымынан басталады, деді Астанадағы баспасөз конференциясы барысында Астана қаласының мәдениет басқармасының жетекшісі Болат Мажағұлов.
Астана қаласы 22 Маусым, 16:51

«Біз бүгін « Сахнадан сәлем!» атты III халықаралық театрланған фестивальді ашқалы отырмыз. Бұл Қазақстан театры үшін маңызды шара. Қазақстан, Грузия және Ресейдің үздік театрлары өз қойылымдарымен бөліседі. Астананың 17 жылдығын тойлау театрландырылған аптадан басталмақ. Жыл санап халықаралық фестивальдің ауқымы кеңеюде, қалалар мен елдерді қамтуда. Осы жылы « Саханадан сәлем» фестиваліне 12 театр қатысады, олар қазақстандық көрерменге халықаралық сайыстарда жеңіске жеткен қойылымдарды ұсынады.  Фестиваль Мәскеу Губернатор театрының жетекшісі актер Сергей Безруковтың қойылымынан басталады», - деді Б.Мажағұлов.

Мәскеу театры  «Сирано де Бержерак» қойылымынан бастамақ.

«Қойылымның ерекшелігі сахнадағы көрініс тифлокомментаримен сүйемелденеді», - деді С.Безруков.

Сондай-ақ, фестиваль аясында Астанада Грузиядан А.Грибоедова атындағы Тбилиси мемлекеттік академиялық орыс театры, М.Горький атындағы орыс драма театры,  Н.Сац атындағы алматылық жас көрермендер тетары, Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драмалық театр, Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық тетарлары өнер көрсетеді.Б. Римова атындағы Талдықорған драма театры, Түркістанның музыкалық-драма театры, «Жастар» театры өнер көрсетеді.

Ботагөз Айтжанова

Фото Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика