Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

С.Елюбаев: Ляньюнган айлағы ШЫҰ елдеріне қарата кеңейтілетін болады

Қытайдың шығыс бөлігінде орналасқан Люньган теңіз айлағын Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдеріне қарата кеңейту жоспарланып отыр, деп хабарлады «KTZ Express» АҚ президенті Санжар Елубаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы22 Маусым , 16:34

«Егер біздің әрі қарай сәулелі дамуымызға көз салатын болсақ, біз енді Мәскеу, Новосибирск, Екатеринбург бағытына бет алғанымызды байқауға  болады. Бұл жердің әлеуеті өте зор. Бұдан әрі сәулелі дамуымызды біз Люньган (ҚХР) айлағының салынған инфрақұрылымының негізінде жүзеге асыратын боламыз. Бұл өте сәтті жоба және ол осы кезде жүзеге асырылу үстінде. Сонымен қатар, біз оны ШЫҰ бағытында кеңейткелі отырмыз»,-деді С.Елубаев.   

Оның сөзінше, соңғы 5 жылдың көлемінде пойыз контейнерлері арқылы тасымалдау 15 есеге артты. Биылғы жылы бұл көрсеткіш тағы екі есеге артатын болады.  

«Біз сонымен қатар Еуропа мемлекеттере де кіреміз. Қазірдің өзінде Қытайдан Еуропаның түрлі бағыттарына тасымал жасайтын стратегиялық серіктестер бар. Ал Еуропадан Қытайға тасымал осы кездің өзінде жүзеге асырылуда. Клиенттеріміз айтарлықтай қызығушылық танытып отыр. Жұмыс жүріп жатыр, келісімдер жасаудамыз, контейнерлік тасымалдар жасау үшін Қытайдың құзырлы органдарымен бірге тендерлерге қатысудамыз. Соңғы 5 жылда контейнерлік тасымал 15 есеге ұлғайды. Биыл тағы 2 есеге артады. Әлеует өте жоғары. Осы жерде біз өзіміздің барлық логистикалық мүмкіндіктерімізді пайдаланамыз»,-деді ол.

Айта кететін мәселе, инфрақұрылымдық бағыт Бендер Аббас (Иран), Бомбей (Үндістан) сияқты маңызды деген айлақтар бойынша да жалғасады. Шешуші серіктестер анықталып, жұмыс басталды.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика