ҚР ИИДМБ

Арқалық-Шұбаркөл теміржол желісінде тамыз айында 101 км-дегі қардан қорғау құрылысын пайдалануға беру көзделуде

2014 жылы тамыз айында ҚР Президентінің өзі іске қосқан Арқалық-Шұбаркөл жаңа теміржол желісінде қардан қорғау құрылысының монтаж жұмыстары жүргізілуде, 101 км пайдалануға беру ағымдағы жылдың тамыз айына көзделген.
Қарағанды22 Маусым , 18:04

ҚР ИДМ хабарлағандай, бүгінгі таңда мұнда өндірістік нысандар мен құрылыс салынуда. Сонымен қатар, Арқалық-Шұбаркөл станциясы желісінде 45 пәтерден тұратын тұрғын үй мен локоматив бригадалары үшін демалыс үйі пайдаланылуға берілді.  Жалпы, теміржолшылар үшін жаңа теміржол бойында өмір сүруі үшін  барынша қолайлы жағдайлар жасалуда.

«Барлық түрғын үйлер инженерлік, коммуникациялық қызметтерге қосылып, теміржолшылар оған орналастырылған. Бүгінде аталмыш үйлердің күйіне жауапкершілік аймақтық жолдар бөліміне жүктелген», - делінген хабарламада.

Жоспарға сәйкес, биыл тағы 5 қоспәтерлі тұрғын үй пайдаланылуға беріледі. Сонымен қатар, 2015 жылы инженерлік желілердің өндірістік нысандарымен құрылысын салып бітіру жоспарланған.

Ал, 2016 жылы жоба жоспарға сәйкес толығымен пайдаланылуға беріледі. Бүгінде Арқалық-Шұбаркөл теміржол желісінде басты және станциялық жолдар жүргізілген, жабайы аңдар үшін өткелдер салынды. Қолданыстағы коммуникация желілерін қорғау, көпір монтажы мен су өткізу құбырларын қайта құру аяқталды.

 

 




Яндекс.Метрика