Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

«Конденсат» АҚ экологиялық дәрежедегі К5 моторлы отынын шығаруды жоспарлап отыр

БҚО-да ИИДМБ аясында экологиялық кластағы К5 моторлы отынын шығару жоспарланып отыр, деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігі.
Батыс Қазақстан22 Маусым , 19:18

Аталған жоба шикізаттың өңдеу шараларын тереңдетіп, жоғары экологиялық дәрежедегі мотор отындарын шығаруды жоспарлап отыр, сонымен қатар еліміздің батыс өңірлерін сапалы отынмен қамтамасыз етпек.    

Аталған зауыттың қуаты жылына 600 мың тонна шикізатты қайта өңдеуге арналған.  

Айта кетейік, компания өнімде төмендегідей көлемде өндіруді жоспарлап отыр: АИ 92-95 – жылына 200 мың тонна, тікелей қуылатын газойлды фракция жылына 198 тонна, вакумды газойль жылына 104 мың тонна, вакумды қалдық жылына 75 мың тонна.    

Аталған жобаның құрылысына іс жүзінде 880 адам қатыстырылуда.

Қаржыландыру жеке және заемдік қаржы көздерінен алынады. Компания өкілдерінің мәліметтерінше, нысанды іске қосу биылға жоспарланып отыр.

 




Яндекс.Метрика