Ақмола облысында 2013 жылы жинау алқабының 90% орылды
Ағымдағы жылдың 10 қазаны жағдайына облыс бойынша жинау алқабының 90% орылды. 4,5 млн. тонна жиналды, орташа жиыны 12,3ц/га, деп Ақмола облысынң ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Ақмола18 Қазан , 12:02
Дәнді дақылдарды жалпы жинау көлемі алғашқы салмақта 5 млн. тоннадан жақын болжануда.
Ауа райы жағдайларына байланысты егін жинау науқаны кеш мерзімде басталды. Жалпы, ауыл шаруашылық өнімі 153,8 млрд теңгені құрады.