«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

2020 жылға қарай трансқазақстандық транзиттің негізгі драйверлері арасындағы тауар айналымы 1,2 трлн долларды құрайды

2020 жылға қарай трансқазақстандық транзиттің негізгі драйверлері арасындағы тауар айналымы 1,2 трлн долларды құрайды, деп мәлімдеді «KTZ Express» АҚ президенті Санжар Елубаев ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Астана қаласы22 Маусым , 15:56

«Егер тауар айналымының құрылымына қарайтын болсақ, онда шамамамен 2020 жылға қарай бірінші кезекте тауарайналымы артады, оның ішінде трансқазақстандық транзиттің негізгі драйверлері   Еуропа және ҚХР-мен. Тауарайналымы 1,2 трлн долларға дейін жетеді. Біз Елбасының «Нұрлы жол  болашаққа бастар жол» бағдарламасының логистикалық және географиялық саясатын ұстанып отырмыз», - деді С.Елубаев.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы бірқатар жобалар жыл соңына дейін жүзеге асырылып бітеді. Мысалы, «Атырау сауда теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту» жобасы жүк тасымалын 4 есе арттырады.

«Осы міндетті жүзеге асыру аясында ағымдағы жылы бірқатар жобалар аяқталады, яғни көлік-логистикалық орталықтарының желілері пайдаланылуға дайын, олар Астана, Шымкент қалаларында салынған. Ақтау теңіз портын кеңейту құрғақ жүк тасымалын 4 есе арттырады. Бұл ретте, «ХОРГОС  Шығыс қақпасы» АЭА туралы айтпай кетуге болмас, оның стратегиялық ролі зор», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика