ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: Ерейментау қаласындағы жел электр станциясы жылына 172,2 млн Квтч электр энергиясын өндіреді

Ақмола облысында индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Ерейментау қаласында жел электр станциясының құрылысы жүруде.
Ақмола22 Маусым , 15:49

Жел электр станциясының өндірістік қуаты 45 МВт құрайды, оның кеңею әлеуеті 300 МВт. Жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ жүзеге асыруда.

Инвестициялар және даму министрлігі хабарлағандай, жаңа жел электр станциясы жылына 172,2 млн кВтч энергия өндірмек. Желдің электр энергиясы  ЖЭС және СЭС электрімен бірге ортақ желіге барып түйіседі.

Құрылыс барысында 150 жұмыс орны ашылды, қолданысқа шыққан соң 8 жаңа жұмыс орны ашылмақ.




Яндекс.Метрика