Халықаралық интеграция

Германияда Қазақстан және Саксония арасындағы ынтымақтастығының мәселелері талқыланды

Саксония Федералдық жері үкіметінің және Фрайберг кен-тау академиясы басшыларының шақыруымен Қазақстанның ГФР-дағы Елшісі Болат Нүсіпов Саксонияға жұмыс сапары болды, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде 22 Маусым, 18:34

Сапар барысында Саксония Премьер-министрінің әкімшілігі басшысымен, Саксония Федералдық жерінің статс-министрі Фритц Екелмен келіссөздер өтті, онда неміс тарапы металлургия және кен өндіруші өнеркәсіп салаларында маманданған Қазақстанның облыстарымен әріптестік қарым қатыстарды орнатуға қызығушылық танытты.

Фрайберг кен-тау академиясының ректоры Бренд Майермен кездесу барысында тараптар геология және кен-тау мамандығы бойынша Қазақстаннан келетін мамандарды дайындауға ниет білдірді. Ынтымақтастық құралы ретінде неміс тарапы Фрайберг қаласында қазақ-герман «Білім үйін» ашуға ұсыныс жасады.

Өз тарапынан статс-министрі Фритц Екел елімізде тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуіне Қазақстан басшылығының үлесіне жоғары баға берді. Кездесудің соңында Қазақстан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде ынтымақтастықтың мүмкіндіктері, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы бірқатар сұрақтар бойынша пікір алмасу өтті.

Осы күні жергілікті жетекші кәсіпорындардың қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» барысында қазақстандық дипломат шикізат өнеркәсіп және технологиялық салаларда ынтымақтастықтың шеңберінде қазақ-герман экономикалық қарым қатынастардың өзекті мәселелері және ҚР-дағы инвестициялық жағдайы тақырыбы бойынша баяндама жасады. Саксондық іскер топтарын «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 қадам» ұлт жоспарының ережесімен таныстырды.

Сапар шеңберінде Елші кремний модульдерін жасап шығаратын Wacker Siltronic AG кәсіпорынға және минералдарды өңдейтін Terra Mineralia зауытына барып қайтты. Өндірістік цехқа бару кезінде компанияның басшылығы нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы Қазақстанмен технологиялық және өнеркәсіптік қоғамдасуын кеңейтуге өз қызығушылығын білдірді.

Саксония Оңтүстік Германияның екпінді дамып жатқан өңірлерінің бірі болып саналады, онда тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау, логистика және электроника салалары дамыған.





Дерекнама

Яндекс.Метрика