Өңірлер

Ақмола облысында «Әрбір үйге сапалы өнім» акциясы өтті (ФОТО)

Аршалы ауданында Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығының мамандары ауданның тұтынушылар құқығын қорғау органдарымен бірлесіп, «Әрбір үйге сапалы өнім» атты акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 22 Маусым, 16:48

Акция өтетін күні ауданның барлық тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өнімдер мен Кедендік Одақ елдерінен келетін тауарлардың сапасын зерттеу ісіне белсенді атсалысу ұсынылды. Алынған тауардың сапасын зерттеу бойынша қызметтер сол күні тегін жүргізілді. Әрбір тұтынушы өзі алып жүрген көкөністер, жеміс-жидектер, ұн, сүт, балық, шұжық, жұмыртқа, нан, консервілер, су, кірпіш, пластмасса бұйымдары сияқты күнделікті өмірде тұтынылатын өнімдердің барлығының сапасына талдау жүргізуге мүмкіндік алды.

Акция барысында тұтынушылардың басты құқықтары мен оларды қолдану тәртібі туралы түсіндіріліп, бактереологиялық, паразитологиялық, санитарлық-гигиеналық зерттеулер мен өнім құрамындағы ауыр металдар, тұздар, микотоксин, кофеин, натрий бензоаты, полимерлер токсикологиясы сияқты зиянды заттарды анықтауға 300-ден астам өнім түрлері әкелінді.   

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика