Экология

Ақтөбеде қаланы жасылдандыру бойынша экологиялық байқау өтуде

«Жасыл желекті Ақтөбе» атты қалалық конкурсы қаланың сәулеттік келбетін жақсарту, санитарлық жағдайын, абаттандыру, көгалдандыру мәселелерін шешуге тұрғындарды барынша тарту мақсатында өткізіледі, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе23 Маусым , 20:46

Конкурс 2015 жылғы мамырдың 1-і мен тамыздың 1-і аралығында 3 номинация бойынша өткізілетін болады. Олар:жеке тұрғын үйлер арасындағы «Менің үйім – қаладағы үздік үй» конкурсы,көп қабатты тұрғын үйлер арасында «2015 жылдың ауласы» конкурсы,меншік түріне қарамастан қала кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасында «Жасыл қала» конкурсы.

Аталмыш қаулымен конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі, талаптары мен комиссия құрамы бекітілді.Сонымен қатар аталмыш конкурс тек қала аумағында ғана өткізіліп қоймай, ауылдық округтерде де өткізіледі.        

Келіп түскен өтінімдер бойынша комиссия құрамы бұқаралық ақпарат құралдарымен бірге шығып, талаптарға сәйкестігін қарайтын болады.

Конкурс қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ орындарды алған жеңімпаздарға қала әкімінің сыйлықтары және дипломдары тағайындалатын болады.
 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика