Адамзаттық капитал

Биыл қазақстандық полицияның құрылғанына 23 жыл –ІІМ басшысы

Ертең қазақстандық полицияның кәсіби мейрамы, олардың құрылғанына 23 жыл толады, еліміздің ішкі істер органдарының тарихы Қазақстан тарихының бір бөлігі, деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ОКҚ-да.
Астана қаласы22 Маусым , 14:32

«Ертең қазақстандық полицияның кәсіби мейрамы, олардың құрылғанына 23 жыл толады, еліміздің ішкі істер органдарының тарихы  Қазақстан тарихының бір бөлігі. Ішкі сітер органдары мен ұлттық гвардияның әскерилерінің басым бөлігі өз борыштарына адал және абыроймен атқаруда», - деді Қ.Қасымов.

Оның айтуынша, егемендік жылдары адал еңбегі, батырлығы мен өз ісіне берілгендігін 900-ден астам полиция қызметкерлер көрсете білді және мемлекеттік наградалармен қайтыс болғаннан кейін 95 қызметкер марапатталды.

«147 қызметкер Данқ» және «Айбын» орденімен марапатталды, бір офицерге қайтыс болғаннан кейін «Халық қаhарманы» атағы берілді. Осы жылдар ішінде борышын өтеу барысында 736 қызметкер мерт болса, 1975-і жарақат алды», - деп түйді министр.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика